Медеуде Мемлекеттік Ту көтерілді

310

Шараға 1,5 мыңнан астам адам жиналды.  

Медеуде Мемлекеттік Ту көтерілді Фото: gov.kz

"Медеу" таулы спорт кешенінде мемлекеттік рәміздері күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәслихат депутаттары, мәдениет және спорт өкілдері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ресми бөлімнен кейін мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Сондай-ақ, қаланың барлық ауданында саябақтарда, мектептерде және өзге де қоғамдық кеңістіктерде салтанатты іс-шаралар өтіп, Мемлекеттік Әнұран жаппай орындалды.

Мереке аясында Алматыда конференция, жастар челленджі мен ағартушылық акциялар ұйымдастырылып, ғимараттардың қасбетіне Мемлекеттік Ту ілінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу