Медеуде төмен ұшқан тікұшақ адамдарға қауіп төндірді

179

"Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі "Медеу" аумағындағы тікұшақтың оқыс ұшуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медеуде төмен ұшқан тікұшақ адамдарға қауіп төндірді Фото: Бейнежазбадан

Мекеменің мәліметінше, "Медеу" спорт кешені маңындағы ресми алаңнан тікұшақ алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған. Ал әуе бортын біліктілігі расталған тәжірибелі ұшқыш басқарған.

– Ұшу алдында борт механигі азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескерту жасаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшу кезінде жел жылдамдығы күрт артып, бағыты өзгерген, бұл әуе кемесінің шайқалуына әсер етуі мүмкін. Оқиғаның себептері ішкі тексеру аясында анықталып жатыр. Жедел ден қою бригадасы әуе кемесін тексеріп, техникалық ақаулар анықталған жоқ, – делінген "Қазавиақұтқару" АҚ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу