Медицина колледжіне түсушілерге арнайы емтихандар енгізілді

309

Талапкерлерге қойылатын жаңа талап туралы жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Медицина колледжіне түсушілерге арнайы емтихандар енгізілді Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Бітірушілер медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан тапсырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл өзгеріс стоматология мен ортопедиядан басқа барлық медициналық мамандықтарға түсушілер үшін (оқу түріне қарамастан – 9 немесе 11 сыныптардың негізінде) міндетті болады.

Емтихан бейіндік пәндер бойынша базалық білімді, сондай-ақ талапкердің мотивациялық деңгейін бағалауды қамтиды.

"Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде біз орта медициналық білім алатын мамандарды даярлау сапасына қойылатын талаптарды күшейтеміз. Мотивация мен дайындықты бағалаудың бірыңғай тәсілі есебінен түсу кезінде әділдік сақталады. Бұл – қоғамның медициналық кадрларды даярлау жүйесіне деген сенімін арттырудың алғашқы қадамы", – делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Енді салалық министрлік Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдаудың жаңа шарттарымен мұқият танысуға және арнайы емтиханға алдын ала дайындалуға шақырады.

Қосымша ақпарат, тапсырма үлгілерін, емтихан кестесі және өту ережелерін ресми сайттардан, оқу орындарының ақпараттық жүйелерінен алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу