Дәрігерлер бала тууды тоқтата тұруға кеңес берді

1571

COVID-19 демографияға кері әсер ете ме?

Дәрігерлер бала тууды тоқтата тұруға кеңес берді

COVID-19 пандемиясы жалғызбасты адамдардың көбеюіне және туу деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. АҚШ-тың PNAS әлеуметтік-медициналық ғылыми зерттеу журналы осындай мақала жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Мақалада кейбір елдердегі халық саны күрт төмендейтіндігі айтылған. Яғни әлемдегі демографиялық ахуал нашарлайды. Бұл тізімде Қазақстан бар ма?

Өкінішке қарай, биыл 1 жасқа дейінгі бала өлімі өткен жылмен салыстырғанда артқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2019 жылдың  маусым, шілде, тамыз айларында 1 жасқа дейінгі 780 бала өлімі тіркелсе, биыл осы үш айда 908 нәресте шетінеген. Яғни өткен жылғыдан бала өлімі 128-ге артқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан көз жұмған балалар тіркелмеген. 2 жеткіншек "Кавасаки" синдромынан қайтыс болған.

Ал бұл уақытта мамандар дабыл қағуда. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда пандемия кезінде 136 жүкті әйел қайтыс болғаны айтылды. Бұл өткен жылғыдан 4 есе көп. Сондықтан медицина қызметкерлері жыл соңына дейін бала тууды тоқтата тұру керек деп кеңес берді. 

Бірақ онсыз да айтарлықтай өсім көрсетпей тұрған халық санын азайтып алмаймыз ба? Жалпы еліміздегі демографияны дамытудың мемлекеттік саясаты дұрыс бағытта жұмыс істеп жатыр ма? Және өсімді қалай арттыру керек? Бұл сұрақтарға әлеуметтанушы – Салтанат Оразбекова мен экономист Оразбек Мырзақұл жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу