Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 12 жылға сотталуы мүмкін

202

Әзірге бұл норма пысықталу үстінде. 

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 12 жылға сотталуы мүмкін Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейеді.Бүгінгі таңда бұл бағытта бірқатар нормалар пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің ойымша, жедел жәрдем Қазақстанның азаматтары үшін қолжетімді және ақысыз болуы керек. Ол анық. Өйткені бұл Конституцияда жазылған. Біз әлеуметтік мемлекетпіз. Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, жедел жәрдемге жедел жәрдем керек болып отыр. Себебі жалақысы бойынша мәселе өте көп, автокөлік бойынша да мәселе бар", – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов күні кеше арнайы заң жобасы дайындалғанын айтты.

"Дәрігерлерге, жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты келеңсіз жағдайлар болса, енді жауапкершілік бірнеше есе қатаңдатылатын болады. Өздеріңізге белгілі, жазда Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселе бойынша арнайы тапсырма берген болатын", – деп түсіндірді ол.

Мәжілісменнің сөзінше, медицина қызметкерлерінің денсаулықтарына зиян келтірілген жағдайда, қылмыстық жауапкершілікті айтарлықтай арттыру көзделіп отыр. Мәселен, денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтірілгені үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу