Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғаяды

585

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев денсаулық сақтауға арналған шығыс 2021-2023 жылдар аралығында 5,1 трлн теңгені құрайтынын жариялады. 

Медицина қызметкерлерінің  еңбекақысы ұлғаяды

Оның сөзінше, 2021 жылы медицина қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтуға 1,6 трлн теңге бөлінеді.

"Білім және ғылымды дамытуға бюджет жобасында 5,2 трлн, оның ішінде 2021 жылға 1,3 трлн теңге көзделген. Биылғы жылмен салыстырғанда шығыстардың өсуі 457 млрд теңгені құрады және бұл мұғалімдердің еңбекақысының ұлғаюына байланысты болды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, әлеуметтік сала шеңберінде "Еңбек", денсаулық сақтау, тілдерді қолдануды дамыту, білім мен ғылымды және туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламалары іске асырылады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу