Отырыста заң жобасын әзірлеу жұмысының негізгі бағыттары айқындалып, медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты мәселеге ерекше назар аударылды.
Заң жобасының басты мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, медициналық көмектің сапасын арттыру мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін нығайту, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттердің мүддесі үшін кәсіби қызмет атқаруға лайықты жағдай жасау көзделіп отыр.
Жұмыс тобының отырысына қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері жаңа заң жобасының тұжырымдамасына оң қорытынды берді. Келесі отырысты келіп түскен ұсыныстар пысықталғаннан кейін өткізу жоспарланып отыр.