Медицина өкілдері гепатит вирусы жайлы ақпаратпен бөлісті

1084

Медицина өкілдері гепатит вирусы жайлы ақпаратпен бөлісті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметінше гепатит вирусы әлемде 2 миллиардқа жуық адамға жұққан. Бұл әрбір үшінші адамның ауруы сезілмей, гепатиттың ағзаға білдіртпей зиян тигізуінен туындаған. Дәрігерлер профилактикалық ем қолдану туралы дабыл қағуда. Гепатитпен халықаралық күрес күніне орай, Қазақстан медицинасының да өкілдері гепатит вирусы жайлы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ortcom.kz

Қазақстанда гепатитке шалдыққан 42 мың адам тіркелген. "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға тегін ем қолданылады. Сондай-ақ, елімізде 1998 жылдан бері бір жастан асқан балаға гепатитке қарсы вакцина егіледі. Жүргізілген профилактикалық шаралар мен насихаттың нәтижесінде 2000 жылдардан бері алты мың адам ауруынан айыққан.

Гепатит вирусы адам ағзасында 30 жыл бойы жасырын дами береді. Асқынған ауру бауыр обырына әкеп соқтырады. Сондықтан да, біз барша қазақстандықтарды профилактикалық тексеруден өтіп тұруға шақырамыз, – деді ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызды аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасы басшысы Гүлнәр Сәрсенбаева журналистермен өткен баспасөз конференциясында.
Қазақстан мен әлемдегі гепатит мәселесіне арналған баспасөз конференцияға ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызды аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасы басшысы Гүлнәр Сәрсенбаева, ҰОТҒО профессоры, медицина ғылымдарының докторы, бауырды зерттеу бойынша Еуропалық қауымдастықтың мүшесі, “International HepatoTransplantGroup” Қауымдастығының президенті Күлпәш Қалиасқарова, Ұлттық онкология мен трансплантология ғылыми орталығының гепатология және гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к Қаһарман Есмембетов және “AGEP’C” ҚФ директоры Сергей Бирюков қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу