Медицина саласындағы Нобель сыйлығы Covid-19 вакциналарын жасаушыларға берілді

371

Марапатталған зерттеушілер әзірлеген технология Pfizer және Moderna вакциналарын жасауда негізге алынды.

Медицина саласындағы Нобель сыйлығы Covid-19 вакциналарын жасаушыларға берілді Фото: The Nobel Prize

2023 жылы Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығы Венгр биохимигі Каталин Карико мен америкалық Дрю Вайсманға COVID-19-ға қарсы тиімді мРНҚ вакциналарын жасауға мүмкіндік берген жаңалықтары үшін берілді, деп жазады inbusiness.kz РБК сайтына сілтеме жасап.

"Каталин Карико мен Дрю Вайсманның ашқан жаңалықтары 2020 жылдың басында басталған пандемия кезінде COVID-19-ға қарсы тиімді мРНҚ вакциналарын жасауда шешуші рөл атқарды", — деді Нобель комитеті. 

Осы технологияға негізделген вакциналардың қатарына Pfizer мен Moderna компанияларының вакциналарын жатқызуға болады.

Сыйлықақы сомасы 11 миллион швед кронын құрайды, яғни шамамен $1 млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу