Медициналық сақтандыру қорына 133 миллиард теңге көлемінде жарна түсті

811

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Медициналық сақтандыру қорына 133 миллиард теңге көлемінде жарна түсті

Өткен жылдың желтоқсан айында медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды қордың жұртшылықпен байланыс департаменті.

Оның 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу