Медициналық сақтандыру қорына 176 миллиард теңгеден астам жарна түсті

626

Жинақталған қаржы 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Медициналық сақтандыру қорына 176 миллиард теңгеден астам жарна түсті

Мамыр айында медициналық сақтандыру қорына түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта қорға 176,7 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі",­– делінген хабарламада.

Жинақталған қаражаттың 95% немесе 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 5% жуығын немесе 8,8 млрд теңгесін жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететіндер аударыпты.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы алда тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу