Медициналық сақтандырусыз қалу қаупі бар

279

Жыл басынан бері бірыңғай жиынтық төлемнің жойылуына байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтушылар осындай жағдайға тап болды.  Мемлекет салықтар мен аударымдарды төлеудің жеңілдетілген қандай түрін ұсынады? 

Медициналық сақтандырусыз қалу қаупі бар Фото: Inbusiness.kz

Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығына соңғы күндері азаматтар бір мәселемен жиілетіп кетті. 2023 жылға 1 АЕК 3 450 теңгеге тең , ал ауыл тұрғындары үшін осы сомманың жартысы. Бір сөзбен айтқанда бірыңғай жиынтық төлем биылғы жылдан бастап тоқтатылды. Біріңғай жиынтық төлем сомасына өзін - өзі жұмыспен қамтығандар енгізуі тиіс төлемдер кірді: зейнетақы - 30% ; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры- 20% ; медициналық сақтандыру-40%; табыс салығы -10% . Басқаша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар заң бойынша төлеуге тиісті барлық төлемдер БЖТ-ға енгізілді, бірақ, бұл өздері жеке кәсіпкер ретінде төлегенге қарағанда аз мөлшерде.

 "Мен бұл жалпыға бірдей мақсатында енгізілгенін түсінемін бірақ, халыққа әсіресе ауыл тұрғындарына жеке кәсіпкерлікті ашу тиімсіз" - деді, Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының есепшісі Ирина Кобцева

Біріңғай жиынтық төлем қолданылу уақыты өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың Мемлекеттік әлеуметтік жүйеге қатысуы, көлеңкеден шығуы және қажетті шарттарды алуы үшін жеңілдікті кезең болып табылады. Енді олардың барлығына кәсіпкер ретінде ресми тіркелуге және БЖТ-ға кіретін төлемдер мен аударымдарды дербес енгізуге шақырылады.  Осы ретте қарапайым жұмысшылар "Оны кім төлейді? Ешкімнің де салық төлегісі келмейді", - деп, наразылық танытты.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қол жетімді үшеудің ішінен өздері үшін ең қолайлы салық режимін таңдауы керек. Мұны ұялы телефон арқылы жасауға болады, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді. Енді әлеуметтік төлемдердің ең төменгі ай сайынғы сомасы есеге артып, 17 425 теңгені құрайды. Осы қаражаттан міндетті зейнетақы жарналарына - 8500 теңге, әлеуметтік аударымдарға - 2975 теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына - 5950 теңге аударылады.

 "Біреуін таңдауды ұсынады. Жеңілдетілген салық түрін немесе патент алса болады. Алайда , мысалы адам өзі қызанақ өсіріп оны сататын болса, оған жеңілдетілген салық түрін таңдау керек. Ол жерде салық 3 пайызды құрайды", -деп атап өтті Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының есепшісі Ирина Кобцева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу