Медициналық ұйымдардан 14 миллион теңге қайтарылды

776

Әр емделушінің сырқатнамасына жасалған сараптама нәтижесінде мәліметтің ақпараттық жүйелерге қате енгізілетіні анықталды.

Медициналық ұйымдардан 14 миллион теңге қайтарылды

Ұсынылған медициналық құжаттарда мәліметтерді бұрмалау дерегі кездеседі, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиалы.

Өткізілген диагностикалық және емдік шаралар бойынша өзгертулер бар. Бірінші медициналық құжаттамада көп жағдайда зерттеулердің қорытындысы мен анализі, дәрігерге қаралу кезіндегі жазулар, мамандардың кеңесі, емделушінің денсаулығын бағалауға мүмкіндік беретін күнделік жазбалары, көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сипаты болмай жатады.  

"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында күнделікті ақауларды анықтау шарасы аясында медициналық ұйымдардан 14 млн теңге қайтарылды. Емханалардың ақаулар бойынша қайтарылған сомасы 1,8 млн теңгені құрады", – деп түсіндірді филиалдың медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанова.

Өзге қызметтер бойынша, халықтың сұранысына сай, қайтарылған сома медициналық көмектің нақты түрлеріне үлестірілді. Өткен жылы қаржының басым бөлігі кардиохирургияға бағытталып, жүрекке көп ота жасалған. Нәтижесінде Павлодар облысында асқынған миокард инфаркті бойынша өлім саны 39,4 пайызға төмендеген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу