Медсақтандырудан түскен 6,6 миллиард теңге қайда салынатыны белгілі болды

719

Медсақтандырудан түскен 6,6 миллиард теңге қайда салынатыны белгілі болды

Әлеуметтік медициналық сақтандырудан түскен қаржы қайда инвестицияланады? Бұл сұрақтың жауабын Ұлттық банк өкілі Алексей Терентьев берді.

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру қорының қаржысы - мемлекеттік құнды қағаздарға, Standard & Poor's-тегі рейтингі А - дәрежесінен төмен емес халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларына және рейтингі ВВ- дәрежесінен төмен емес агенттік облигациялары мен кері РЕПО мәмілесіне салынбақ.

Айта кетсек, ресми мәліметке сәйкес, шілде-тамыз аралығында қорда 6,6 млрд теңге жинақталған. Оның ішінде жұмыс берушілердің салған салымы 5,2 млрд теңге. Ол барлық соманың 78,5%-ын құрайды. Ал жеке кәсіпкерлердің салымы - 1,4 млрд теңге болды. Бұл шамамен 21,5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу