Мехико тұрғындары үйіне кіруге қорқады

719

Мехико тұрғындары үйіне кіруге қорқады

Мехикодағы 8 мыңға тарта құрылысты тексеріп шыққан азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері дабыл қағып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бәріне өткен аптадағы жер сілкінісі себеп болды. Мамандардың айтуынша, тіпті қарапайым көлік қозғалысының өзі қауіп төндіруі мүмкін. Ал егер ауыр техниканы іске қосса, қатер арта түседі деген ескерту жасалып отыр. Енді алдағы уақытта мамандар мұнда тағы 11 мың ғимаратты тексеріп шығуды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Мексикада 7,1 балдық зілзала болды. Ресми мәлімет бойынша 333 адам ажал құшқан. Марқұмдардың дені осы Мехико қаласының тұрғындары екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу