"Мейірім вирусы" марафоны – Атырауда

918

Оның алғашқы күнінде кәсіпкерлер екі жүз адамды азық-түлікпен қамтамасыз етті.  

"Мейірім вирусы" марафоны – Атырауда

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған республикалық "Мейірім вирусы" қайырымдылық марафоны 21 шілде күні елордада бастау алған еді. Атырау өңірі оны Шымкент қаласынан кейін қабылдап алып, әрі қарай Шығыс Қазақстан облысына аманаттады.

Бұл шараның мақсаты – медициналық мекемелер мен короновирус инфекциясын жұқтырған науқастарға қаржылай, азық-түлікпен, заттай, дәрі-дәрмекпен көмектесу болып табылады. Бұдан бөлек, акция аясында қандай да бір тауар немесе қызмет түріне жеңілдіктер ұсынуға немесе ерікті ретінде жұмыс істеуге де болады.

Қайырымдылық марафонының бірінші күнінде атыраулық кәсіпкерлер мұқтаж жандарға арнап екі жүз азық-түлік себетін дайындады. Көмек қолын созған "Мұнай-Брок", "АтырауТауКен", "Күзет", "Sari Suppliers", "NIR Констракшн", "Рауан Налко", "Best Brand", "Нурсагитов Т", "Әлеуметтік дәріхана" мекемелерінің өкілдері тұрғындардың алғашқы кезекте ұн өнімдері, күріш, шемішке майы секілді жиі тұтынатын тағам дармен қамтылуын назарда ұстаған.

 "Біздің қызметкерлеріміз бен жергілікті волонтерлар жиналған азық-түлікті бір апта бойына таратумен айналысады. Жалпы, атыраулық кәсіпкерлер пандемия басталғаннан бері өздері қиын жағдайда қалса да азық-түлікпен, медициналық құрал-жабдықпен көпшілікке шамасы жеткенше көмектесіп келеді. Бұл індетті біз осылай күш біріктіргенде ғана жеңіміз", – дейді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.   

Құралай Қуатова,

Атырау облысы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу