Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

211

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.

2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2021 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы.

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу