Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

825

Мейрам Қажыкен "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы" атынан Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

М.Қажыкенді Президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы шешім кәсіподақтар одағының орталық және атқару комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды.

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Экономикалық зерттеулер институтының басшысы. "Ынтымақ" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі. Бұған дейін 2015 жылы Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры қызметін атқарған. 2015-2018 жылдары Қазақстан кәсіподақтар федерациясы жанжалдарды зерттеу және шешу жөніндегі оқу орталығының директоры болды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу