Меккеде толассыз нөсерден екі адам қаза тапты

549

Бейсенбі күні таңертең Сауд Арабиясының Мекке қаласында және оған іргелес аймақтарда басталған нөсер жаңбырдан екі адам қаза тапты.

Меккеде толассыз нөсерден екі адам қаза тапты Фото: inform.kz

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері (жарты тәулікте шамамен 180 мм) теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын ауданда жауған, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, аталмыш қалалардағы әуежайларда біраз рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа-райы қалпына келгенше ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу