Мексикада пойыз апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

232

Сондай-ақ, тағы 100-ге жуық адам жарақат алды.

Мексикада пойыз апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты Фото: AP Photo

Оқиға Мексиканың Оахака штатындағы Нисанда елді мекені маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ел президенті Клаудия Шейнбаум өзінің Х-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Әскери-теңіз күштері министрлігі маған мемлекетаралық пойыздың апаты салдарынан, өкінішке қарай, 13 адамның қаза тапқанын хабарлады. 98 адам жарақат алды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр", – деп жазды Шейнбаум X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, зардап шеккендер Матиас-Ромеро мен Салина-Крус қалаларындағы Әлеуметтік сақтандыру институтының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Хучитан және Икстепек қалаларының ауруханаларына жеткізілген. Сонымен қатар Шейнбаум Әскери-теңіз күштері министрі Раймундо Педро Моралес Анхелестің оқиға орнына жіберілгенін атап өтті.

Пойызда тоғыз экипаж мүшесі және 241 жолаушы болған. Құрам екі локомотивтен және төрт жолаушылар вагонынан тұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу