Мексикада аптап ыстықтан 112 адам қаза тапты

371

Температура 40 градустан асқан.

Мексикада аптап ыстықтан 112 адам қаза тапты Фото: Ашық дереккөзден

Елде соңғы апталарда күшейген аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 112-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мексика баспасөзінің хабарлауынша, әсіресе, елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында рекордтық температуралар салдарынан адам шығыны тез артып келеді.

Ең көп шығынға ұшыраған штаттың бірі Нуэво-Леонда 64 адам, Тамаулипаста 19, Веракруста 15 және Табаскода 14 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, көз жұмғандардың жасы 45 пен 64 аралығында.

Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметі 20 маусымдағы мәлімдемесінде елдегі аптап ыстықтың тағы 10-15 күнге созылатынын хабарлады және созылмалы ауруы бар науқастарға міндетті болмаған жағдайда, белгілі бір сағаттарда көшеге шықпауға кеңес берді.

Температура 40 градустан асқан Мексикада "соңғы жылдардың ең қайғылы күндері" деген ақпарат тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу