Мехико қаласында бір топ мексикалық АҚШ елшілігі алдында наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды 24.kz.
Мақсаттары – иммигрант балаларын елдеріне қайтаруға жол бермейтін "Арманшылдар" деп аталатын бағдарламаға қолдау көрсету. Бұл туралы бірақатар жергілікті ақпарат құралы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақ үй басшысы егер де көші-қон саясаты қатаңдатылмаса, бағдарламаны жабуға ниетті екенін білдірген еді. Сонымен қатар ол Мексикамен шекарада қорған салу керектігін де алға тартқан еді. Бұл мәселені 5 наурызға дейін шешуді Трамп Конгреске тапсырғанымен, заң шығарушылар нұсқауды уақытында орындай алмады. Мексика билігінің дерегі бойынша, енді "Арманшылдар" бағдарламасының жабылуы 600 мыңнан астам Мексика азаматының отанына қайтуына әкеліп соғуы мүмкін.
"Мұндай ереуілдер Нью-Йорктен бастап Вашингтонға дейінгі аралықтағы елді мекендерді шарпыды. Енді бұл жағдайда Мексика билігі бізге көмек көрсетуге тиіс", - дейді шеруге қатысушының бірі Мария Гарсия.