Мексиканың Монтеррей қаласында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі салынған мурал пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Муралдың авторы – мексикалық суретші Antonio Art Mural. Арт-нысан Francisco Javier Mina көшесіндегі 1 140-үйдің қабырғасына салынған. Жанкүйерлер бұл туынды арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді мақсат еткен.
Жанкүйерлер мұралды Димаштың Монтеррейдегі концертіне орай әзірлеген. Әнші 14 қарашада DIMENSIONS әлемдік туры аясында қалада өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу