Мексикада түнгі клубта атыс болып, 15 адам қаза тапты

669

Мексикада мұндай атыстар есірткімен айналысатын ірі қылмыстық топтар арасында жиі болады. Билік бұл топтардың әрекетіне тосқауыл қоя алмай келеді.

Мексикада түнгі клубта атыс болып, 15 адам қаза тапты

Мексиканың Саламанка қаласындағы түнгі клубта атыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 7 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Куәгерлердің айтуынша, таңға жуық бір топ адам клубқа баса көктеп кіріп, ондағы адамдарға оқ жаудырған. Кейін көліктеріне мініп қашып кеткен. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Мексикада мұндай атыстар есірткімен айналысатын ірі қылмыстық топтар арасында жиі болады. Билік бұл топтардың әрекетіне тосқауыл қоя алмай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу