Мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

886

Мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (50-2-1, 32 KO) WBA (Super), IBO, WBC  IBF титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп жазады дереккөзге сілтеме жасаған egemen.kz.

"Меніңше, "Канеломен" арадағы кездесуі әлем көз тігетін жек-жектердің бірі болмақ әрі бұдан көп ақша да табуға болады. GGG көбісін нокаутпен жеңген, бірақ араларында есімі әлемге әйгілі спортшылар болған емес. Ал мен тек ақша үшін ғана айқаспаймын", – деді ол.

"Канело" мен Головкин әлемге белгілі боксшылардың бірі. Егер келіссөздерге дайын болса, мен де қуана-қуана келісер едім", – деді кіші Чавес.

Айта кетейік, бірер күн бұрын мексикалық боксшы 2015 жылдан бері алғаш рет рингке шығып, германиялық Доминик Бричті ұпай бойынша жеңген. Ол жекпе-жектен кейін кіммен болса да ұрысқа дайын екендігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, өзінің Головкиннің соққыларына шыдас беретін ғана емес тіпті, нокаутқа жіберетін бірден-бір адам екенін алға тартты. Ал қазақстандықтың жаттықтырушысы Абель Санчес бұл ұсынысқа дайын екендіктерін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу