Мексикалық жанкүйерлер Димаш Құдайбергенге музыкалық тосынсый жасады

447

Қазақстандық әншіні Латын Америкасында алғаш болып Мексиканың Юкатан штатының астанасы Мерида қаласы қарсы алды.

Мексикалық жанкүйерлер Димаш Құдайбергенге музыкалық тосынсый жасады Фото: dimashnews.com

Бір жарым күн жол жүріп, бірнеше рейс ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның командасы жарты әлемді артқа тастап, Латын Америкасына жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мануэль Крессенсио Рехон атындағы халықаралық әуежайда жергілікті Dears әншіні Юкатан өңірінің дәстүріне сай қарсы алды. Атап айтқанда, аспаптық трио Мексиканың әйгілі композиторларының танымал туындыларын болеро стилінде орындады.

Дәстүрі бай, археологиялық мұралары мен мәдениеті ерекше Мерида қаласы Димашты көгілдір мұхит бейнеленген баннерлерімен, ақ гүлдермен және жанкүйерлер қолындағы көк қағаз жүрекшелермен қарсы алды. Олар әншінің Мексика жеріне қайта оралғанына қатты толқығанын жасырмады.

Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің өкілдері де өнерпаз бен оның командасын алыс елде қарсы алып, сапар барысында бірге жүрді.

Айта кетейік, Димаш Мексикадағы алғашқы концерттерін осыдан бір жыл бұрын "Stranger" туры аясында Мехикода екі күн қатарынан аншлагпен өткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу