Мектеп асханалары ұзақ мерзімге жалға беріледі

1283

Мектеп асханалары ұзақ мерзімге жалға беріледі

Ақтөбеде білім ордаларындағы тамақтану орындары мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясында басқарылмақ. Әзірге облыс орталығындағы 44 мектеп назарда. Бұл бастама кәсіпкерлердің тұрақты еңбек етуіне жағдай жасайды.  деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін асханалар кәсіпкерлерге бір жылға ғана берілетін. Сөйтіп мемлекеттік сатып алу арқылы жыл сайын келісім шарт жаңартылатын. Енді бұл қадамнан бас тарту арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, бүлдіршіндердің дер кезінде пайдалы ас ішуіне жағдай жасалады.

"Білім басқармасы мына мемлекеттік және жеке меншік әріптестік бойынша келісімшарттар бойынша 225 теңгені көбейту туралы құжат қарастырып жатыр. Сол себепті әрине кәсіпкерлер үшін өте қызықты",- дейді "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының сарапшысы Гүлмира Қазмұхамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу