Мектеп асханаларындағы мәзірлерде тұз бен қант мөлшері азайтылады

257

Бұл семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайту үшін қарастырылған. 

Мектеп асханаларындағы мәзірлерде тұз бен қант мөлшері азайтылады Фото: liter.kz

Мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп, білім беру ұйымдарына арналған үлгілік перспективалық мәзірді әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайту үшін қарастырылған.

Енді балалар тәулік бойы болатын мекемелерде қант мөлшері 3,3-3,6 есе азаяды:

  • 6-10 жас аралығындағы жас тобында – 55 г-нан 15 г-ға дейін;
  • 11-14 жас тобында – 70г-нан 21 г-ға дейін.

Ал тұз мөлшері – 3,3-5 есе:

  • 6-10 жас тобында – 15 г- нан 3 г-ға дейін;
  • 11-14 жас тобында – 15 г- нан 4,5 г-ға дейін.

Сондай-ақ мәзірде майы аз сүт, пробиотиктері бар ашытылған сүт өнімдері мен көкөністер мен жемістердің саны артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу