Мектеп автобустары қаншалықты қауіпсіз?

1365

"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!" атты жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр.

Мектеп автобустары қаншалықты қауіпсіз?

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!" атты жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция департаментінің қызметкерлері елордадағы мектеп автобустарын тексерді.

Балаларды оқу ұйымдарына қауіпсіз жеткізуге арналған көліктердің техникалық жағдайы жақсы екені айтылды.

Өрт сөндіру мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдардың бар болуы, автобустың артқа жүріс кезінде жарқылдауық маяктардың, дыбыс және жарық сигналдарының жұмысқа қабілеті тексерілді. Әр бала үшін жеке қауіпсіздік белдіктері болуына, оның жарамдылығына ерекше назар аударылды.

"Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Өткен жылы мектеп автобустары 7 рет жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оның 2-еуі мектеп автобусы жүргізушісінің кінәсінен болғанын атап өту қажет.

Полицейлер жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға қатысты және балаларды мектеп автобустарына отырғызу, түсіру, тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғыларын міндетті түрде пайдалану жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобустардың бағыттары зерделеніп, жүргізушілердің әкімшілік айыппұлының бар-жоғы тексерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу