Мектеп әжетханасына қатысты мәселе биыл шешіледі

783

Еліміздегі мектептердің 99,8%-да жылы әжетхана бар. Жыл соңына дейін барлық өңірлер көрсеткішті 100%-ға жеткізуі керек. 

Мектеп әжетханасына қатысты мәселе биыл шешіледі

Бұл туралы республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Осыдан бір жыл бұрын 2 700 мектептің әжетханасы далада болды. Арада уақыт өткен соң мектептерге заман талабына сай 2600-ге жуық әжетхана салынды. Дегенмен Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 110 мектебінде ауладағы әжетханалар  жұмыс істеп тұрды. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу