Мектеп бітіріп жатқан жастар жол ережесін көп бұзуда

146

Алматы қаласы полициясы мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын оқу жылының аяқталуына арналған шаралар кезінде қауіпсіздік ережелері мен тәртіпті сақтауға шақырды. Себебі жастар көлік тізгіндеп, ережелерді бұзуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мектеп бітіріп жатқан жастар жол ережесін көп бұзуда Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаевтың айтуынша, соңғы қоңырау – қуанышты күн, алайда оны қайғылы жағдайлармен аяқтамау керек.

"Өкінішке қарай, бітірушілер тарапынан жол жүру ережелерін өрескел бұзудың 20 жағдайы тіркелді. Жасөспірімдер көлік терезелерінен және люктерінен шығып, қауіпті маневрлер жасаған. Мұндай көліктер тоқтатылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ата-аналар да өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Барша азаматтарды жол ережесін сақтауға, ал ата-аналарды балаларының қайда жүргенін, үйлеріне қалай оралатынын бақылауға шақырамыз. Қауіпсіздік – бәрінен маңызды", деді ол.

Қазір басқа қалалар да бақылауды күшейтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу