Мектеп пен басқа да орта білім беру ұйымдарының қызметі 10%-ға қымбаттады

409

Павлодар облысының тұрғындары қымбаттауды қатты сезінді.  

Мектеп пен басқа да орта білім беру ұйымдарының қызметі 10%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысына сәйкес негізгі және жалпы орта білім беру қызметтерінің көлемі 444,9 млрд теңгені құрады. Бұл  2021 жылға қарағанда 12,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сектордағы қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды (433 млрд теңге). Халық есебінен 10,2 млрд теңгені, кәсіпорындар есебінен 1,7 млрд теңгені құрады.

Республика бойынша қызметтердің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі (48 млрд теңге). Одан кейінгі орында Түркістан (47,1 млрд теңге) және Қызылорда (30,9 млрд теңге) облыстары орналасқан.

Сектордағы қызметтердің ең аз көрсеткіші Ұлытау (3,1 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (13,9 млрд теңге) және Атырау (14,4 млрд теңге) облыстарында байқалды.

Меншік нысандары бойынша мемлекеттік кәсіпорындар (431,4 млрд теңге) ең көп қызмет көрсетті. Жеке кәсіпорындар – 12,4 млрд теңге, шетелдік кәсіпорындар 1,2 млрд теңгені құрады.

Бұдан бөлек ең көп қызметтер орта компанияларға тиесілі болды (245,8 млрд тг), одан кейін шағын (165,7 млрд тг) және ірі (33,4 млрд тг) кәсіпорындар орналасты.

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша орта білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 9,5%-ға артты.

Өңірлік бөліністе Павлодар облысында бұл көрсеткіш бірден 26,1%-ды құрады. Айтарлықтай өсім Түркістан (+23,3%) және Атырау (+22%) облыстарында байқалды.

Сектордағы бағаның ең төмен жылдық өсімі Қарағанды және Ұлытау облыстарында тіркелді. Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында  баға өткен жылдың қаңтар айының деңгейінде қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу