Мектеп салуға жер телімін алу қиын – Қасым-Жомарт Тоқаев

1052

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдіктері заңнама талаптарын орынамай отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мектеп салуға жер телімін алу қиын – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Мектептегі орын тапшылығы өте өзекті мәселе. Мен биылғы Жолдауымда 2025 жылдың соңына дейін 1 мың мектеп салу туралы тапсырма бердім. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы осы тапсырманы сапалы әрі тиімді орындауына қарай бағаланады. Қазір мектеп салу үшін жер телімін алу айтарлықтай қиындық туғызатын болды. Өңір әкімдеріне барлық мектепке жер телімін алдын ала бөлуді тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, елді мекеннің жоспарын жасап, тұрғын үй салған кезде әлеуметтік нысан салу қажеттігі ескерілуге тиіс. Заңнамада да осындай талап бар. Бірақ жергілікті атқарушы органдар белгіленген талапты "орындай бермейді". 

"Тағы да қайталап айтамын, тұрғын үй алаптары бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек. Үкіметке заңның сақталуын қатаң бақылауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу