Мектеп салынатын жердің интерактивті картасы болады

952

2025 жылы урбанизация мен туу деңгейінің өсуіне байланысты мектептерде қосымша 993 мың орынға қажеттілік пайда болады. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мектеп салынатын жердің интерактивті картасы болады

"Орын тапшылығын болдырмау үшін алдағы 4 жылда жыл сайын 200 мектеп салынады. Жоспарға сәйкес биыл 200 жаңа мектеп іске қосылады", – деді министр. 

Асхат Аймағамбетовтің түсіндіруінше, 1 мың жаңа мектеп салу жобасы мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі, жекеменшік мектептер желісін дамыту, модульдік мектеп салу сынды 4 негізгі механизм арқылы жүзеге асырылады. 

"Жергілікті атқарушы органдар 1 мың мектепті салу үшін қажетті жер учаскелерін алдын-ала бөліп, оның интерактивті картасын әзірлеуге тиіс. Бұған қоса 1500, 2000, 2500, 3000 оқушыға арналған мектептердің заманауи типтік жобаларын дайындау керек деп есептейміз. Осы тапсырманың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін арнайы электрондық портал іске қосылады", – деді білім және ғылым министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу