Мектепке дейінгі білім беру сапасын білім басқармасы емес, тұтынушы бағалайды

1127

Жекеменшік балабақшалар желісін дамыту қажет. Бұл туралы онлайн форматта өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында мәлімделді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын білім басқармасы емес, тұтынушы бағалайды

"Жекеменшік балабақшаларды дамытуды ынталандыру ваучерлік тетікті енгізу жолымен жалғасады. Бұл үшін бір тәрбиеленушіге жан басына шаққандағы норматив 31 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Ваучерлік қаржыландыру кезінде ақша білім беру ұйымына емес, балаға түседі. Бұл дегеніміз, ата-ана өз баласына жеке немесе мемлекеттік, кез-келген балабақшаны таңдай алады және мемлекет оған бөлетін ваучердің қызметін төлейді. Осылайша мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалайтын білім басқармасы емес, білім беру қызметін тұтынушының өзі болады", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу