Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу: жаңа өзгеріс қашан басталады?

121

Енгізілетін өзгерістер міндетті нормативтік талаптарды сақтауды көздейді.    

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу: жаңа өзгеріс қашан басталады? Фото: gov.kz

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады. Бастама балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енгізілетін өзгерістер міндетті нормативтік талаптарды сақтауды көздейді. Атап айтқанда, санитариялық және өрт қауіпсіздігі нормалары, бейнебақылау жүйелерінің болуы, қауіпсіз орта мен күзетті қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру және балалар мен персоналдың денсаулығын қорғау.

Ерекше назар дамытушы ортаны қалыптастыруға аударылады: балабақшаларды қажетті кітаптармен, материалдармен, жабдықтармен және білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету.

Аталған талаптарға сәйкестік мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар арасындағы қызмет сапасындағы алшақтықты қысқартуға және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу