Мектептерде газетке жаздыру және басқа жұмысқа тарту азайған

263

Соңғы 5 жылда педагог құқығын бұзу деректері 5 есе азайған.

Мектептерде газетке жаздыру және басқа жұмысқа тарту азайған Фото: dknews.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Акпарова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұған дейін көбіне педагогтерді мектептің жөндеу жұмыстарына, өзінің кәсіби міндетіне қатысты емес жұмыстарға тарту, газет-журналдарға жазу деректері кездесті. "Педагог мәртебесі туралы" Заң қолданысқа енгеннен кейін және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жанынан Әдеп кеңесі құрылғаннан кейін, яғни 2020-2025 жыл аралығында осындай фактілердің саны 3 есе азайып отыр, – деді ол Оқу-ағарту министрлігінде өткен кеңесте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу