Мектептерде күзгі демалыс басталды

70

II тоқсан 2 қарашада басталады.

Мектептерде күзгі демалыс басталды Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ЖИ

Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін қоса есептегенде жеті күнге созылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде балалардың қосымша білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді.

Қазақстанда 2,9 мыңға жуық қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Өнер және музыка мектептері, оқушылар сарайлары, спорт мектептері мен шығармашылық орталықтар балаларға қызығушылығына сай қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Күзгі демалыс кезінде балалар отбасымен уақыт өткізіп, кітап оқып, спортпен және шығармашылықпен айналыса алады. Мектептер балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге арналған шаралар ұсына алады. Оларға қатысу ерікті. Балалардың қызығушылығы мен отбасының жоспары ескерілуі тиіс.

Мұндай шараларды ұйымдастыру педагогтерге қосымша әкімшілік жүктеме түсірмеуі және есептілікті көбейтпеуі тиіс.

Шаралар ұйымдастырылған жағдайда оларды өткізуге және балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар алдын ала белгіленеді. Балалардың қатысуы ата-аналармен келісіледі.

Мектептен тыс шараларда жауапты ересектердің бірге жүруі қамтамасыз етілуі тиіс.

"Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға үйде, көшеде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, сақ болуды ескертіңіздер", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу