Денсаулық сақтау министрлігі жаңа форматты 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептерінде кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әр оқушыға электрондық денсаулық паспорты жасалып, оның денсаулығына қатысты барлық мәлімет ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл балалардың денсаулық жағдайын жүйелі бақылауға және ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Министрліктің ресми мәліметінше, қазіргі профилактикалық тексеру жүйесі көбіне формалды түрде жүргізіледі. Бұған бейінді мамандардың тапшылығы мен медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеменің көп болуы себеп. Білім беру ұйымдары телемедициналық кешендермен және қажетті диагностикалық құралдармен толықтай жабдықталады.
Жаңартылған жүйе көру, есту, омыртқа қисаюы, семіздік, анемия және басқа да кең таралған денсаулық мәселелерін ерте анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балаларды медициналық бақылау күшейтіледі.