Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі

329

Елімізде биыл 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі Фото: pexels.com

Қазақстан "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы аясында мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізбек. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі.  Бұл туралы  Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бішкекте ТМД елдерінің "Мектептегі тамақтану – жалпы дамудың бағыты" тақырыбында бірінші халықаралық форум өтті.

Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде "Ұлттық мектеп асханасы" пилоттық жобасын жүзеге асыруда.

"Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі", - деді Наталья Жұмаділдаева.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айынан бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу