Меладзенің шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар алданды

210

Алматыда концертке жалған билеттер сатқан күдікті анықталды. 

Меладзенің шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар алданды Фото: Polisia.kz

 

Алаяқтың құрығына түскен адамдар – Валерий Меладзенің шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар. Кейбір азаматтар оның концертіне билеттерді хабарландыру сайтынан сатып алуды ұйғарған. Осылайша, олар 29 жастағы А.есімді азаматтың айласына түсіп қалды.

"Шындығында, күдіктіде ешқандай билет болған болмаған. Оның тізбегі мынадай болды: ол билеттер бар екендігі туралы хабарландыруларды орналастырып, билеттер үшін толық төлемді алып, содан кейін телефонын өшіріп, байланысқа шығуын тоқтатқан. А.есімді азамат концерттен кейін де бірнеше билет сатқан. Ол ұсталды және 50 Cent, Akon әртістерінің жақында болған гастрольдік сапарларында осындай алаяқтық жасағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – деді, Алматы қаласы ПД Киберпол басшысы Игорь Пудовкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу