Мемлекет 265 млн теңгеден астам шығынға ұшырағаны белгілі болды

542

Қарағанды облысында құжаты мінсіз, бірақ іс жүзінде ештеңе істемеген "жасанды" компаниялардың иелері анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Мемлекет 265 млн теңгеден астам шығынға ұшырағаны белгілі болды

Ресми ақпаратқа қарағанда, Амангелді Қуаныш есімді ұйымдастырушысы бар бір топ тұлға "пайда табу мақсатында" 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеуге қойған.

Бұл кәсіпорындар ешкімге ешқандай қызмет көрсетпесе де, ешқандай тауарды тиеп жөнелтпесе де, "кінәлілер" жалған шот-фактураларды шығарған.

"Тергеу барысында Амангелді Қ. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын-ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды. Сот үкімімен Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу