Мемлекет азаматтық секторды үнемі қолдап келеді

Қазақстан билігі қоғаммен ашық диалогқа түсіп, бітеқайнасып өмір сүруге бейімделген. 

Мемлекет азаматтық секторды үнемі қолдап келеді Фото: gov.kz

Оған "Ашық үкімет", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" секілді тұжырымдамалар дәлел бола алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шынын айту керек, елдегі азаматтық қоғам жыл өткен сайын кемелденіп, жаңаша бағыт алуда. Қоғамдық ұйымдар, еріктілер қозғалысы мен түрлі бастамашыл топ қай істе болмасын, өз белсендігімен көзге түсуде. Олар әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға, тазалық жұмыстарының қарқын алуына үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, адамдардың құқығын қорғауға бағытталған іс-шараларға да ұйытқы саналып жүр.

Өз кезегінде мемлекет те азаматтық секторды қолдауға мүдделі болып тұр. "Ашық үкімет", "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамалары шеңберінде қоғаммен диалог орнату көзделген. Мұны билік пен халық арасындағы алтын көпір, сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам деуге әбден болады.

Қалай десек те, азаматтық қоғамның дамуы өз жемісін береді. Өйткені, мемлекет қоғамның дамуы арқылы ілгерілейді. Әрине, азаматтық қоғам бірқатар сын-қатермен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұған қаржыландырудың шектеулі болуы, кейбір өңірдегі белсенділіктің төмендігі, құқықтық кедергілер, т.б. жатады. Бұлар саланың толыққанды дамуына тосқауыл болып, зиянын тигізбей қоймайды.

Сол себепті, азаматтық бастамаларға байыппен қарап, оларды жүйелі түрде қолдау, жол ашу демократиялық қоғамның негізін қалай түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу