Мемлекет балалы отбасыларды қолдауға қанша қаржы бөлді?

177

Елімізде баласы бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі бар. Үкімет бұл бағытта биыл 1,7 трлн теңге қарастырылғанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет балалы отбасыларды қолдауға қанша қаржы бөлді? Фото: aikyn.kz

Жалпы, қазір елде 2 млн-ға жуық отбасы түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алады. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 870,7 млрд теңге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 855,9 млрд теңге. 2025 жылы жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға артқан.

Қолдаудың негізгі бағыттарының ішінде бала туылған кезде кезектілігіне қарай 149 416 теңгеден (38 АЕК) 247 716 теңгеге (63 АЕК) дейінгі біржолғы жәрдемақы бар. Осы жылдың алғашқы төрт айында төлем 21,1 млрд теңге сомасына 117 мың азаматқа берілді.

Ал жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға — 5,76 АЕК-тен (22 648 теңге) 8,90 АЕК-ке (34 995 теңге) дейін ұлғайта отырып, баланың туу кезегіне байланысты төленеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны орта есеппен 123,3 мың адам, оларға 14,4 млрд теңге төленді.

Жұмыс істейтін әйелдер де МӘСҚ-дан төлем алады. Жүктілік және босану бойынша біржолғы жәрдемақының орташа мөлшері 1,6 млн теңгені құрады. Бұл төлемді 81,8 мың әйел алды, жалпы сомасы — 117,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Орта есеппен 85 221 теңге. Бұл сома соңғы екі жылдағы орташа айлық кірістің 40%-ын құрайды. Төлемнің орташа мөлшері — 85 221 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу