Мемлекет басшысы 15 наурызға республикалық референдум тағайындады

169

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.  

Мемлекет басшысы 15 наурызға республикалық референдум тағайындады Фото: akorda.kz

Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 18-бабына сәйкес қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілетін болды. Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылады. Азаматтарға: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылады.

Сонымен қатар, Жарлық пен жаңа Конституция жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Референдумға дайындық пен оны өткізу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік комиссиялардың қызметін атқаратын тиісті сайлау комиссияларына жүктелді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Орталық сайлау комиссиясымен және басқа да орталық мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу