Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

171

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

– Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу