Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдап, сақтайтын орталықтар ашу қажеттігін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумда ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдап, сақтайтын орталықтар ашу қажеттігін айтты Фото: ЕАБР

Президенттің пікірінше, цифрлық сауда алаңдарының мүмкіндіктері бәріне қолжетімді болуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Елімізде "Ауыл аманаты" бағдарламасына бүгінге дейін 150 миллиард теңге қаржы бөлінді. Соның арқасында ауылдарда 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Әрине, бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ басты мәселе – сол 22 мың жұмыс орны қазіргі уақытта сақталды ма? Қалай десек те, осы жобаның аясын әлі де кеңейте түсу қажет.

Мен бұған дейін цифрлық сауда алаңдарының және банктер мен логистикалық компаниялардың мүмкіндіктері ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін қолжетімді болуы керек деп нақты айттым.

Енді осы жұмысты тиімді ұйымдастырып, өнімдерді тұтынушыға жеткізу жолын айқындайтын нақты келісімшарттар жасау керек.

Жалпы, шағын шаруашылықтары бар аудандарда өнімді қабылдайтын және сақтайтын орталықтар құру қажет. Мұндай инфрақұрылым барлық өндірушіге бірдей қолжетімді болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу