"Сейсенбіде Президент Ильхам Әлиев Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, оны туған күнімен құттықтап, Әзербайжанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды", – деп жазылған Әзербайжан президенті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әңгіме барысында президенттер қос ел арасындағы түрлі салалардағы қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, олардың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу