Мемлекет басшысы бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне тоқталды

556

Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жылдан бастап жұмыс істейді.   

Мемлекет басшысы бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне тоқталды Фото: strategy2050.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2022 жылы бизнесті негізсіз қудалаудан қорғау аясында 6 мың кәсіпкер 700 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз айыппұлдан босатылды.

"Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері іс жүзінде 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастауы тиіс. Бизнесті тексеру және қылмыстық қудалауға келер болсақ, осыған дейін де бизнесті негізсіз бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ екенін айтқан болатынмын. Бұл – менің нық ұстанымым", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден арашалау мақсатында шаралар кешені қабылданғанын атап өтті. Бұдан бөлек бизнес өкілдеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасаған 1000-нан астам лауазымды тұлға жазаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу