Мемлекет басшысы Бразилия Президентін құттықтады

193

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Бразилия Президентін құттықтады Фото: aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу